Текст
29.09.2025
Бүгін 29.09. BilimCenter платформасында 3 "А,Б" сынып оқушыларында білім деңгейін анықтауға арналған тест тапсырды. Барлығы 6 оқушы тапсырды.
19.09.2025
15.09.25. Отбасы күніне арналған спорттық сайыс сәтті өтті! Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын қолдау және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту болды. Қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!Бұл спорттық сайыста керемет көңіл-күй, ұйымшылдық пен шынайы бәсеке орын алды! Жанұялар бірлігі мен салауатты өмір салтын насихаттаған шара әр қатысушы үшін ұмытылмас сәттерге толы болды. Ұйымдастырушылар: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асалбек Елжас., ТІМ: Нарау Г.
19.09.2025
Дене шынықтыруға арналған 3 минуттық жаттығу. Әр сейсенбіде сабақ басталар алдында оқушыларымыз музыкалық сүйемелдеумен дене жаттығуларын орындап, белсенділік танытады. Дене шынықтыру – денсаулықтың кепілі!
19.09.2025
15.09.25. #1 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайысы өтті. 6 “А” сынып оқушысы Жарылгасынова Анида 2орын иеленді. Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жарылхасын Д.
19.09.2025
16.09 күні “ Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-і базасында 7-11 сыныптар арасында “Тіл дарыны -2025” атты аудандық байқауы өтті. Байқауда 7 “А” сынып оқушысы Мұнарбек Ләйлә - 2 орын иеленді. Жетекшілері: С.Танхай., Ж. Мухатаева., Д.
19.09.2025
16.09 күні Ақкөл ауданының #4 мектебінде 7-11 сыныптар арасында “Тіл дарыны -2025” атты аудандық байқауы өтті. Байқауда 10 “Б” сынып оқушысы Рубан Анастасия - 1 орын иеленді. Жетекшілері: Е. Төлеубек.,Ж. Мухатаева., Д.
11.06.2025
«Келешек мектептері»: Ақмолалық мыңнан астам оқушы заманауи білімге қол жеткізеді Ақмола облысында білім беру жүйесі аясында ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Соңғы оқу жылында өңірде тоғыз жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл шешім оқушы орындарының тапшылығын айтарлықтай қысқартып, балалардың оқу жағдайын жақсартуға зор мүмкіндік берді.
04.06.2025
“Кирдищев атындағы ЖОББМ” Бүгін Күншуақ лагерінің оқушылары үшін ерекше көңілді күн болды! Табиғат аясында таза ауада түрлі ойындар ойнап, қызықты уақыт өткіздік. Балалардың жүздеріндегі шаттық пен қуаныш — бүгінгі күннің ең басты көрсеткіші болды!
03.06.2025
«Кирдищев атындағы ЖОББМ” Ұлттық ойын — ұлт қазынасы!
31.05.2025
«Күншуақ» жазғы лагері ашылды!«Күншуақ» жазғы лагері өз жұмысын бастады! Ашылу салтанатында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызықты бағдарламалар мен түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды. Лагерьдің мақсаты — оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу, шығармашылық қабілеттерін арттыру, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалардың жүздеріндегі шаттық пен қуаныш — лагерь өмірінің жарқын бастамасы!