Текст
30.05.2025
Республикалық 2-7 сынып оқушыларына арналған “Зерде” ғылыми жоба шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ-орын иеленгені үшін Жалғызқарағай ауылының Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 5 “А” сынып оқушысы Жарылгасынова Анида және 7”А” сынып оқушысы Буйдахмет Айару марапатталды.Құттықтаймыз! Жетекшісі: орыс тілі пәні мұғалімі Мухатаева Ж.М. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Солтаншаров Р.
23.05.2025
“Кирдищев атындағы ЖОББМ” 23.05.2025 түлектердің соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл сәт – өткен жылдардың қорытындысы, оқу мен тәрбие жолындағы үлкен еңбек пен жетістіктердің нәтижесі.Бүгінгі күні түлектеріміз мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басуда. Түлектерімізге жарқын болашақ, қажырлы еңбек пен бақыт тілейміз.Алдыңғы жолдарыңыз ашық болсын!”
22.05.2025
Көңілді эстафета Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу.Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту,шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Жауаптылар: тәрбиешілер
21.05.2025
Эссе байқауы.
20.05.2025
“Кирдищев атындағы ЖОББМ” Жалпыұлттық эссе байқауы өтті. Мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жалпыұлттық эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5–11 сынып оқушылары белсене қатысты. Эссе байқауы екі тақырып бойынша өткізілді: 5–9 сынып оқушылары “Заң және тәртіп” тақырыбында ой толғап, заңға бағыну, қоғамдағы тәртіп пен әділдік туралы пікірлерін білдірсе, 10–11 сынып оқушылары “Адал азамат” тақырыбында адалдық, адамгершілік, елге қызмет ету сынды маңызды ұғымдарды қозғады.
18.05.2025
Мектеп басшылары мен профком төрағасы арасында өткен аудандық дартс ойындарынан 2-орын иеленген Жалғызқарағай ауылы “ Кирдищев атындағы ЖОББМ”
27.04.2025
Аудандық “Үздік Педагог” байқауына қатысып 2-ші орынға ие болған Мектебіміздің Шағын Орталығының Тәрбиешісі: Токтархан Нургуль.
11.04.2025
“Кирдищев атындағы ЖОББМ” Жалғызқарағай ауылы “Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” аудандық «Екі жұлдыз» байқауында Азамат Арайлым және Токтархан Нұргүл III орын иеленіп, Құрмет грамотасымен марапатталды! Әрдайым шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
08.04.2025
мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Жалғызқарағай ауылының Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін...
05.03.2025
Результаты районного конкурса рисунков “Қазақстан - көпұлтты ел, Қазақстан - сүйікті ел”